Костенко шахтасында іздеу жұмыстары жалғасуда.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Шахта астында қалған кенші әлі табылмады. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов апат болған аумаққа өзі түскен болатын. Қазір әскери мамандандырылған апаттық құтқару қызметінің бөлімшелері бір-бірінен 6 шақырым қашықтағы екі өндіріс учаскелерінде жүріп жатыр. Кенші болуы мүмкін барлық аумаққа өту мүмкіндіктері қарастырылуда. Жарылыстың күштілігінен көп жерді тау-кен үйінділері, шахта қондырғыларының бөлшектері басып қалған. Ал метан газынан қауіп жоқ. Сонымен қайтыс болғандар саны 45. Аман қалғандар 208 адам. Олардың 20 астамы ауруханада. Жағдайлары бір қалыпты.
Руслан Нұрланұлы