Астанада БҰҰ-ның қолдауымен діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия өтті
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында алғаш рет БҰҰ-ның қолдауымен діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия өтті. Ашық диалог аясында діни лидерлер мен мемлекет қайраткерлері ғибадат орындары мен сыйыну жерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің келісілген тәсілдерін қалыптастыру қажеттілігі туралы пікір алмасты. Тәуелсіздік сарайынан әріптесім Шерхан Жамбылұлы тікелей қосылып тұр. Шерхан жиында тағы қандай мәселелер көтерілді?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Иә, әр елдің, әр діннің өкілдері ғибадат орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті пікірлерін ортаға салды. Бұл жиын съез аясында алғаш өтіп отыр. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Бұл жаһандық құрылымның Елордадағы басқосуға ерекше назар аударып отырғанын аңғартады.Сессияны Біріккен Ұлттар ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мигель Анхель Моратинос пен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ашты. Сенат спикері қасиетті орындарды қорғау – бүкіл адамзаттың ортақ міндеті екенін айтты. Ол Қазақстан әрқашан толеранттылық пен бейбітшілік құндылықтарын дәріптеп келе жатқанын атап өтті. Ал қатысушылар бүгінде ғибадат орындарына жасалған қауіп-қатер көбейгеніне алаңдаушылық білдірді. Вандализм мен зорлық-зомбылықтың жиілегенін айтып отыр. Сол себепті діни нысандарды қорғаудың халықаралық тетіктерін күшейтуге бірыңғай үндеу жасалды. Бұл ретте құқықтық және институтционалдық тетіктер әзірлеу қажет дейді дінбасылар. Жиында БҰҰ-ның арнайы іс-қимыл жоспары да таныстырылды. Құжат ғибадат орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сенушілерді қорғау, құқықтық тетіктерді нығайту және өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың жаһандық құндылықтарын ілгерілету бойынша нақты шараларды қамтиды. Анхель Моратинос Қазақстанның жаһандық тұрақтылықты нығайтудағы рөлін жоғары бағалады. Ол Астананың өркениетаралық диалог алаңы ретіндегі беделін ерекше атап өтті.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында биыл 7 млн тонна астық жиналады
16.09.2025, 19:46

Астанада қазақ мәдениетінің жауһарлары көпшілікке ұсынылды
16.09.2025, 17:45
Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көліктер тексерілді
16.09.2025, 17:42
Сырдария өзені жыл сайын суалып барады
16.09.2025, 17:40
Агробизнесті қолдау жоспары әзірленеді
16.09.2025, 17:34
Қолданбалы ғылымға қолдау қажет
16.09.2025, 17:31
Қызылорда сақшылары қоғамдық тәртіпті дронмен қадағалайтын болды
16.09.2025, 17:26
Дропперлерге жаза күшейеді
16.09.2025, 17:23