Таразда сәби саудалағандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда сәби саудалағандар сотталды

27.10.2023

Жаңа туған сәбиді саудалағандар сотталды. Таразда перзентхананың екі акушері нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың қылмыстық әрекеті биыл қаңтар айында анықталған болатын.

Еске салайық, былтыр қарашада жақындарынан жүктілігін жасырғысы келген 35 жастағы әйел түсік жасатпақ болып, перзентханаға барады. Алайда шаранаға 7 ай болғандықтан акушерлер райынан қайтарып, баланы басқа біреуге беруге көндіреді. Баласынан бас тартқан ана бірден келіседі. Бірақ медицина мамандары сәбиді сатпақ болып, өз пайдаларын ойлаған. Тоғыз ай толғанда босандырып алып, баласы жоқ отбасыға 1,5 млн теңгеге бере салады. Қылмыс үстінде ұсталғандар «кәмелетке толмағандардың саудасы» бабы бойынша жаза арқалады.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу