Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Соңғы бір тәуліктің өзінде 19 науқас тіркелген. Оның 17-сі – бала. Тіпті, емдеу мекемелерінде орын жетпей жатыр. Сондықтан қосымша балаларға арналған шипайжайдан 80 орын бөлінді. Ал, аудандарда 15 науқас бар. Ақпан айынан бері облыс бойынша қызылша жұқтырған 800-ден астам адам тіркелді. Ауырғандардың 80 пайызы екпе алмағандар. Сондықтан, республикалық бюджеттен 90 миллион теңге бөлініп, өңірге 30 мың доза вакцина әкелінген. Қазір 1 мен 6 және 18 бен 30 жас аралығындағыларға екпе салынып жатыр. Дәрігерлердің болжамынша, жұқпалы індеттің таралуы қараша айының ортасына дейін жалғасады. Одан кейін аурулардың саны азаюы тиіс.
Рүстем Исаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Қазір 81 адам жатыр.Соның ішінде балалар-68, үлкен кісілер-13. Жалпы ақпаннан бастап 828 адам тіркелді. Ақпанда ең бірінші Турциядан завоз болды, содан әрі қарай ұлғайып кетті.
Жақсыбек Кемал