Өскеменде садақ ату орталығы ашылды
Өскеменде садақ ату орталығы ашылды. Жастарды мергендікке үйрететін кәсіби мектеп еліміздің шығысында алғаш рет ашылып отыр. Дегенмен садақ ату үйірмесіне қатысам деген адамға еш шектеу жоқ. Бастапқыда әр адам жеке дайындалады. Ал садақ атуды тез меңгерген оқушылар іріктеліп жас ерекшеліктеріне қарай, команда жасақталады. Оларды кәсіби мамандар жаттықтырып, жарыстарға апарады.
Ажар Төлеуханова, садақ ату орталығының жетекшісі:
2024 жылғы балалар біріншілігін Өскемен қаласында өткізетін болып бекітілді. Мықты мерген балалар өсіру – менің мақсатым.
Орталық ашылған соң садақ пен жамбы атудан ересектер арасында облыс біріншілігі өтті. Оған әр ауданнан 8 команда бас-аяғы 80 адам қатысты. Жарысқа жеке кәсіпкерлер демеушілік жасады. Сайыс жеңімпаздарына қаржылай сыйлық табысталды.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17