«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «Интергаз Орталық Азия» жылдағы дәстүр бойынша өз жұмысшылары арасындағы үздіктерін анықтады. Байқаудың Түркістан облысында өткен финалдық кезеңіне еліміздің барлық аймағынан 100-ден астам маман қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Олардың барлығы- өңірлерде өткен алғашқы кезеңдегі жарыста топ жарып шыққан үздіктер.
Апаттық қызмет, қайта қалпына келтіру тобы үшін сынақ оңайға соқпады. Жер астындағы құбырдың ақауын жөндеу үшін арнайы тыныс алу құралдарын пайдаланып, жұмыс атқарды. Рауан Байқожаев бұл салада 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде арттырған тәжірибесінің арқасында сынақтан сүрінбей, тапсырманы дер кезінде орындап шықты.
Рауан Байқожаев, слесарь:
Жұмыс барысында кездеседі мұндай оқиғалар. Ол жердің қыртысына байланысты. Жұмыссыз өте жақсы өтті. Комиссиядан дұрыс істемедіңіздер деген артық сөз естімедік. Өз қауіпсіздігімізді сақтап, жұмыс жасадық.
Байқау қатысушылары 15 конкурстық мамандық бойынша практикалық тапсырмалар орындады. Өндірістік алаңда білігі мен тәжірибесін көрсетті. Сынақтар мейілінше шынайы ситуацияларға негізделді.
Ел аумағында «Интергаз Орталық Азия» бақылауында 21 мың шақырым газ құбыры бар. Оны күтіп ұстау, көгілдір отынды тұтынушыларға жеткізу үшін мамандардың кәсібилігін ұдайы шыңдау компанияның басым бағыттары саналады.
Мейірбек Ихсанов, «QazaqQaz» ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары:
Совет одағы кезін алсақ Өзбекстан жағынан, Орта Азиядан орталыққа көп транзит жүрді. Қазір ол тоқтаған. Ендігі болашақтың мәселесі Ресейде газ көп. Оны төмен қарай жіберу керек. Оның бастамасы өткен аптада басталды. Сондықтан мұндай мамандар өте қажет.
Үш күнге созылған байқау қорытындысы бойынша кәсіби шеберлігін танытқан 45 маман жүлдегер атанды. Биыл алғаш рет командалық есепте ең көп жүлде алған топқа ауыспалы кубок табыс етілді. Оны Шымкент магистральді газ құбырлары басқармасы жеңіп алды.
Ғани Қалмаханов