Ауғанстанда қазақстандық құтқарушылар жұмысқа кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда қазақстандық құтқарушылар жұмысқа кірісті

11.10.2023

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, Ауғанстанға жіберілген Қазақстанның құтқарушылары межелі жерге жеткесін бірден іске кірісті. Герат қаласынан 25-30 шақырым қашықтықтағы Наиброфи мекенінде іздестіру құтқару жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл ең қиын учаске. Дәл осы жерде хабар-ошарсыз кеткендердің саны өте көп. Герат билігі құтқарушылардың жеделдігі үшін алғыс білдіріп, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таңқалды. 45 адамнан жасақталған қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін кеше жіберілген болатын. Ал, бүгін гуманитарлық көмек жеткізді.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу