Ауғанстанда бірнеше ҮЕҰ жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда бірнеше ҮЕҰ жұмысын тоқтатты

26.12.2022

Ауғанстанда 4 бірдей халықаралық үкіметтік емес ұйым жұмысын тоқтатты. Мұндай қадамға өткен аптада «Талибан» қозғалысының әйелдерді жұмысқа алуға тыйым салуы түрткі болған. Қызметін тоқтатқандар арасында балаларды қорғаумен, босқындар ісімен айналысатын ұйымдар және Халықаралық көмек комитеті бар.

Олар ортақ мәлімдемесінде: «Әйел қызметкерлерсіз Ауғанстанда көмекке зәру балаларға, әйелдерге, ерлерге қажетті көмек көрсете алмаймыз»,- деп жазған. Тәліптердің тыйымы онсыз да экономикалық дағдарысты өткеріп отырған елде мыңдаған жұмыс орнының жабылуына әкелді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу