Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Газиантеп қаласына қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Газиантеп қаласына қонды

07.02.2023

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Жеке құрам техника мен жабдықтарын алған соң жергілікті билік атқарушы органдарымен бірлесіп жұмысқа кіріседі. Оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде. Құтқарушыларға мынадай құрал-жабдықтар берілген: гидравликалық және пневматикалық құралдар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Хабарламаларға жазылу