Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті

08.02.2023

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісіп те кетті. Олар екі топқа бөлініп, ең қиын учаскелерге аттанған. Қазір біздің құтқарушылар құлағалы тұрған ғимараттардың маңын автокөліктерден босатып жатыр. Апат бола қалған жағдайда олар өртке орануы мүмкін. Бұл ауданда алты қабатты бір үйдің толық қирау қаупі бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, онда әлі де адамдар болуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу