Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға көмек көрсетуге аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға көмек көрсетуге аттанды

10.10.2023

Қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді. 45 адамнан тұратын құтқару тобында кинологтар, дәрігерлер мен фельдшерлер де бар. Бұл мамандардың құтқару операцияларында көпжылғы тәжірибесі бар. Кей маман биыл Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан. Топ барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар 1 тоннаға жуық медициналық дәрі-дәрмек жөнелтілді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу