Ауғанстанда 49 адамға медициналық көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда 49 адамға медициналық көмек көрсетті

12.10.2023

Ауғанстанға зілзала зардаптарын жою үшін көмекке барған қазақстандық құтқарушылар 79 учаскедегі үйінділерде тазарту жұмыстарын жүргізді. Олар Герат провинциясындағы Наи-брофи елді мекенінде үйінділер арасынан құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері, 39 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 5 балаға медициналық көмек көрсеткен. Адамдардың басым бөлігі жарақатпен, психологиялық көмекке жүгінген. Сонымен бірге, суық тиіп сырқаттанған адамдарға да ем-дом жасады. Бұдан бөлек, Қазақстанның 29 құтқарушысы дүмпу болған Чолк-тула елді мекенінде де құтқару жұмыстарын жүргізді. 10 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу