Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан елге оралды

16.10.2023

Ауғанстанға зілзала зардабын жою үшін көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылар елге оралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жедел-құтқару жасағының мамандары, кинологтар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері аттанған болатын. Олар 83 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетіп, 211 үйінді арасынан адамдарды іздеді. Наиброфи елдімекенінде 700 қираған үйді аршыды. Сол жерден баланың мәйітін алып шықты.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу