Республикалық педагогтер съезіне 500-ге жуық ұстаз жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық педагогтер съезіне 500-ге жуық ұстаз жиналды

05.10.2023

Елордада білім беру қызметкерлерінің кәсіби күніне орай республикалық педагогтер съезі өтуде. Жиынға елдің әр түкпірінен 500-ге жуық ұстаздар жиналды. Айта кетейік, мұндай іс-шара 2005 жылдан бері өткізілмеген. Съез барысында ұстаздардың рухани демалуы үшін де арнайы бағдарламалар бекітілген. Мәселен олар музей аралап, театр қойылымын тамашалайды.

Айгүл Мұқашева, Қазақстандық салалық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

Сьезге 500-ден астам делегаттар шақыртылды. Олардың ішінде шеберлер, зерттеушілер, эксперттер, жастар бар. Мен ойлаймын олардың бұл шараға қатысуы үлкен тәжірибе.

Бекзат Нұртай, ұстаз:

Бүгінгі республикалық педагогтер съезіне Шымкенттен келдім. Атмосфераны айта алмаймын, тамаша. Себебі көптеген әріптестермен, білімді аға буынмен танысып, тәжірибе алмасып жатырмыз.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу