Астанада педагогтер съезі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада педагогтер съезі өтеді

04.10.2023

Ертең педагогтердің кәсіби мерекесі. Мейрам елімізде алғаш рет 5 қазанда аталып өтеді. Үкімет те, тиісті қаулы қабылдаған еді. Бұл Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкес келеді. Мерекемен қатар, Астанада Республикалық педагогтер съезі өтеді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Ұстаздар озық тәжірибелерімен және халықаралық практикаларымен бөліседі. Мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы педагогикалық мамандықтың ерекше мәртебесін бекіту мәселесі шешілді.

 Күләш Шәмшидинова, «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорының қамқоршылар кеңесінің төрайымы:

Мүмкіндігі келді мемлекеттің, бюджеттің мүмкіндігі келді статус қабылданды. Заң қабылданды мұғалімнің статусы туралы. Бірақ, ұстаз ол мәртебеге қарап жұмыс істемейді. Ұстаз жүрекпен келу керек, ұстаз өзінің ұстаз екенін біліп келу керек. Статуспен бірге, жалақымен бірге жауапкершілік келу керек өз ісіне деген сапа келу керек. Сапалы жұмыс істеу керек.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу