Басты Жаңалықтар Қаратау қаласында қаңыраған үйлер қашан қалпына келеді

Қаратау қаласында қаңыраған үйлер қашан қалпына келеді

Қаңыраған үйлері көп Қаратау қаласы қашан қалпына келеді? Моноқалада сәулетінің сиқы кеткен көппәтерлі үйлерден көз сүрінеді. Тұрғындар баспаналардың басым бөлігін сонау тоқырау жылдары тастап кеткен.

Әсіресе шаһардың шет аумақтары қоқыс тастайтын алаңға айналған. Ал аудан атқамінерлері құрылыс жұмыстары осыдан бес жыл бұрын басталғанын айтады. Бүгінде қала халқы 149 көп қабатты үйде тұрады. Шағын шаһарда тоқсаныншы жылдары ұзын-саны 202 көпқабатты үй болса, бүгінде оның 41-і сүрілген. Ал халықты қоныстандыруға жарамдысы аз. Жалпы 30 мыңнан астам халқы бар қалада, 1 600 адам үй кезегінде тұр.

Жайықбай Шалдаров, Талас ауданы әкімінің орынбасары:

Биыл осы бес үйді тапсырып беретін болсақ, біз кезекте тұрған 372 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Келесі жылға бізде үш үй қалып отыр. Сол үш үй біткен кезде, Қаратау қаласында жалпы бос тұрған үйлер болмайды.

Данияр Әлімқұл


Бөлісу