Қазақстандық гимнастшылар Азия ойындарындағы жарысын аяқтады
Гиманасшылар бүгін Азия ойындарындағы жарысын аяқтады. Жерлестеріміздің нәтижесі қандай? Хаңжоуда жүрген әріптесім Шерхан Жамбылұлынан білсек.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бүгін біз соңғы жарыс күні болғандықтан гимнастика жарысын тамашалауға бардық. Бүгін медаль болмады. Дегенмен, гимнастика командасының қоржынында 1 қола бар. Оны кеше Нариман Құрбанов ұтқан еді. Бүгін ақтық сында Дарья Ясинская өнер көрсетті. Ол еркін жаттығу бойынша сынға түсіп, 7-ші орынды иеленді. Бас бапкердің сөзінше, бұл көрсеткіш жаман емес. Себебі бұрын финалға шығудың өзі қиын еді. Надира Юнусованың айтуынша, қазір отандық гимнастика көтеріліп келе жатыр.
Надира Юнусова, Спорттық гимнастикадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы:
Азия спортшылары – әлемнің ең мықтылары. Қытай, Корея, Жапониядан бөлек, қазір Тайпей, Вьетнам елдерінің құрамалары күшейген. Біз бұған дейін қыздар арасында 12 жыл бойы финалға шыққан жоқ едік. Ақырындап нәтиже жақсарып жатыр. Әрине, бұл жарыстан қорытынды шығардық. Енді сол бойынша жұмыс істейміз.
Ал боксшылар бәсекесі қалай өтіп жатыр?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Біздің көрермендер үшін боксшылар жарысы – ең маңызды сайыстардың бірі. Жанкүйерлер бүгін бір қуанып, бір мұңайды. Себебі әлем чемпиондары Назым Қызайбай мен Нұрбек Оралбай бүгін төрешілер шешімімен қарсыластарына жол беріп, жарысты аяқтады. Ал Сағындық Тоғамбай қазақстандық боксшылардан бірінші болып жартылай финалға өтті. Ол ширек финалда Иран спортшысын сұлатып түсірді. Ал кешкі сессияда Карина Ибрагимова қарсыласынан басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17