«Қыздарымыздың спортшы болады деп ойлаған емеспіз» Азия ойындарында елімізге екінші алтын медальді тарту еткен Зухра мен күміс жүлдегер Фатима Ерназарованың анасы олардың қалайша шеберлік шыңына көтерілгенін еске алды.
«Мылтық атуға деген жәй ғана әуестік қыздарымызды спортқа алып келді». Егіз қыздарының мылтық атуға деген қызғушылығын оятқан марқұм әкесі екен. Саябақта қыдырып жүргенде тир мылтығын өзі ұстап, шүріппесін оларға бастырған. Бұл кезде Фатима мен Зухра небәрі екі жаста болатын.
Қыздар кәсіби спортпен 14 жасынан бастап шұғылдана бастаған. Екі жылдан соң Катарда өткен Азия чемпионатында Фатима рекорд жаңартып, жеңімпаз атанады. Одан кейін Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Зухра топ жарады. Осылайша егіздер әр жолғы сайыста жеңіс тұғырына алма-кезек көтеріліп келеді. Бұл жолғы Азия ойындарында да солай болды.
Гүлнара Хашимова, Фатима және Зухра Ерназаровалардың анасы:
Шынымды айтсам, мұндай сәттерде шынайы қуана да алмаймын. Жарыстан бас жүлде алып қайтқан біреуінің жеңісіне шаттанайын десем, одан сәл ғана кейін болған екіншісін ренжітіп алудан қорқамын. Шындығында екеуінің шеберлігі де, спорттық жетістігі бірдей.
Сұрмерген қыздар отбасында үш ағайынды. Інілері Шахзод та әпкелеріне еліктеп, мылтық атумен шұғылданып жүр. 14 жастағы өреннің қазірдің өзінде жетістері аз емес. Әрдайым әпкелеріне қарап бой түзейді.
Шахзод Ерназаров, Фатима жГүлнара Хашимова Фәне Зухра Ерназаровалардың інісі:
Әпкелерімнен қандай жағдайда да шыдамдылық танытып, соңына дейін күресуді үйрендім. Сонан соң екеуі де өте еңбекқор. Күнделікті жаттығудан келгеннен соң, үйде де тыным көрмей шынығады. Бүгінгі жеңістері менің бойымда мақтаныш сезімін тудырды. Мен оларға еліктеймін. Үлгі тұтамын.