Басты Жаңалықтар Алматы облысында әуелеген ән мен жырдың кеніне айналған Сембаевтар отбасы тұрады

Алматы облысында әуелеген ән мен жырдың кеніне айналған Сембаевтар отбасы тұрады

Алматы облысында әуелеген ән мен жырдың кеніне айналған Сембаевтар отбасы тұрады. Өңір жұртшылығы олардың өнерін ерекше бағалап, құрмет тұтады. Құрылғанына 20 жылға жуықтаған ансамбль құрамында бүкіл бір әулеттің мүшелері өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. 

Өнерлі отбасы бірнеше жылдан бері облыстың барлық ауданын аралап, концерттік бағдарламасын ұсынып келеді. Бірнеше мәрте республикалық конкурстың лауреаты. Жетістікке жетуіміз, өнерде десе барын салған отбасымның арқасы, дейді ансамбльдің жетекшісі Талғат Сембаев.

Талғат Сембаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі:

Қызым әнші, ұлым біраз жыл спортпен айналысып жүргенде, түбі осы өнер жолына келесің деп едім. Менің маңдайыма жазылғаны осы шығар, келінім мен күйеу балам да өнер жолында. Отбасылық ансамбль құрып, халықпен жұмыс жасап жатырмыз. 
Одан бөлек, өнерлі отбасының тірегі мектепте оқушыларға музыка сабағынан тәлім беріп, жас жеткіншектерді өнерге баулып жүр.

Лаура Қамытқожаева, мектеп директорының міндетін атқарушы:

Ол кісі тек қана музыкант емес, композитор. Бірнеше әндердің авторы. Әнедерін оқушылар мектепте  орындайды. 40 жылдан аса мектепте жұмыс атқарған уақытта оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық музыканы насихаттап келеді. 
Талғат Сембаевтың өмірлік қосағы, аяулы жары Күлімхан Тұрсынқызы да – әнші әрі бірнеше әннің сөзін жазған дарын иесі. Қазір өнерлі отбасының қоржынында жетпіске жуық ән бар.

Күлімхан Тұрсынқызы, Талғат Сембаевтың жары:


Меңің ойымша, рухы мен намысы мықты, өзінің айтқанында нақты тұра алатын адамдар өнердің шыңына шығады деп ойлаймын. Өнерлі болудың өзі қиын жол. Оңайлықпен келетін нәрсе емес.
Өнерді құлай сүйген жанұяның басты ұстанымы – адал еңбек пен іскерлік. Қазір өрістері кеңіп, репертуарлары халықтық мол мұралармен толығып келеді. Әсем әндері халық жүрегінен орын алып, мәдениетке өлшеусіз үлес қосып келеді.


Қуан Нұрақын
Бөлісу