Азия ойындарында жылжымалы нысанаға оқ атудан сайысқа түскен қазақстандық Фатима мен Зухра Ерназаровалардың бүгінгі жеңісіне олардың анасы ерекше қуанды. Ол егіз перзенттерін он жасынан бері жалғыз өзі тәрбиелеп өсіріп келеді. Қыздарының жеңісін жұмыс орнында жүріп естіген Гүлнар Хашимованы біздің тілшілерміз арнайы барып, құттықтады.
Ғани Қалмахан, тілші:
Шымкенттік егіз қыздар Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына екі бірдей жүлде салды. Зухра Ерназаров 10 метр қашықтықта оқ атудан алтын медаль еншілесе, оның сыңары Фатима командалық есепте күміс медаль алды. біз қазір олардың анасын құттықтауға келіп тұрмыз.
Гүлнар Хашимова , Фатима және Зухра ерназаровалардың анасы:
Бойымды қуаныш пен бақыт сезімі қабат билеп тұр. Қыздарым бұл жетістік үшін ұзақ еңбектенді. Басында спорт біз үшін жәй хобби болатын. Бұлай боларына сенген жоқпыз шынын айтқанда. Медаль алғандарын енді ғана естіп, толқыныстан өз өзіме келе алатын емеспін. Өте қуаныштымын.
Біз спортшыларымызға әрі қарай да сәттілік тілейміз. Әр қашан жеңіс тұғырынан көріне берейік.
Ғани Қалмахан