Алматыдағы қарттар үйінде зейнеткер терезеден құлап кетті
Алматыдағы қарттар үйінде қария терезеден құлап кетті. Салдарынан денесінің бірнеше жері сынған.
Оқыс жағдай жекеменшік орталықта болған. Терезеден құлаған зейнеткерді мекеме қызметкерлері дәрігерге көрсетпеген. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Зардап шегушінің туған-туысы науқасты қараусыз қалдырды деп, пансионаттың қызметкерлерін кінәлап отыр. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
Медициналық қызмет көрсету департаментіне тиісті материалдар жөнелтілді. Олардың ұйғарымынан кейін процессуалдық шешім қабылданады. Егер медициналық мекеменің қызметкерлерінің кінәсі мойындалатын болса онда қылмыстық іс қоғалып, сараптамалар дайындалатын болады.
Мекеме қызметкерлері болса, қарияның көзі нашар көреді. Әрі ақыл-есі кем деген диагнозы бар деп отыр. Мұны өздері енді ғана білдік деп ақталуда. Ал, осындай сырқаты бар науқас қалай қараусыз қалған? Мекеме басшысы түсіндірсін.
Айман Оразымбетова, «Забота» пансионатының директоры:
Келесі палатада тағы бір ер адам жатады. Сол кісі үлкен дәретке барып, оны ауыстырып жатқан кезде сол кісі шығып, екінші палатаға кіреді. Терезенің алдындағы тумбочканы қойып, соннан секіреді. Осы пансионаттың атынан өзім ем-домына қажет қаражатты төлеп беруге дайын болдым. Баласымен сөйлестім, олар көнген жоқ. 5 млн ақша сұрады. 3-қабаттан емес, 1-қабаттан секіріп түсті. Ол видеода көрініп тұр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Барселонада автобустар Димаштың концерттік плакаттарымен безендірілген
22.10.2025, 10:16

Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті
22.10.2025, 10:12
Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі
22.10.2025, 10:10
Ресейдің 35 мың еңбек мигранты депортацияланды
22.10.2025, 10:08
Трамп пен Путин жақын арада кездеспейді
22.10.2025, 10:06
2026 жылдың қаңтарынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 10:03
Астанада Мәжілістің жалпы отырысы басталды
22.10.2025, 10:00
«Қайрат» пен «Пафос» тең түсті: Алғашқы ұпай – қоржында
22.10.2025, 10:00