Ақтөбе облысында заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар ұсталды

22.09.2023

Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үш тұрғынға қатысты іс тергеліп жатыр. Күдіктілер сайтқа бір реттік құпия сөз жіберу арқылы ойыншылардың бәс тігуіне мүмкіндік жасап отырған. Бұл сайтқа Қазақстан аумағында жұмыс істеуге тыйым салынған.

Құмар ойын ұйымдастырушылардың арнайы лицензиясы да болмаған.Заңсыз бизнестің ақша айналымы 490 миллион теңгеге жеткен. Ал тіркелген ойыншылар саны 800-ден асады. Қазір ойынға кәмелет жасына толмағандардың тартылғаны туралы дерек те тексеріліп жатыр. Тінту,тексеру кезінде құжаттар мен ақша толықтай тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу