Күн сайын балаға қатысты 6 қылмыс анықталады – Мәжіліс депутаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күн сайын балаға қатысты 6 қылмыс анықталады – Мәжіліс депутаты

13.09.2023

Балаға зорлық қылғандар өмір бойына бас бостандығынан айрылуы керек. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев бүгін бала құқығын қорғау мәселесін көтерді. Ол кәмелет жасқа толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Оның дерегінше, жыл сайын елімізде балаға қатысты 2000-ға жуық қылмыстық жағдай тіркеледі. Яғни, күн сайын кемі 6 бала зәбір көреді. Ал әлеуметтік қорғау саласында жүйелі жұмыс жоқ деп отыр. Учаскелік инспекторлардың қызметіне сын көп. Мектептегі буллинг пен кибербуллинг мәселесі де толастар емес. Депутат Алматы облысындағы 13 жастағы жеткіншектің мектептегі әлімжеттіктің кесірінен өз-өзіне қолжұмсамақ болғанын еске салды

Елнұр Бейсембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Амаnат» Фракциясының төрағасы:

Зорлық көрсеткен 44 жастағы азаматты 20 жылға бас бостандығынан айырды. Меніңше, бұл нонсенс.Біріншіден, өмір бақи бас бостандығынан айыру керек. Екінші, медициналық, химиялық кастрацияны міндеттеу керек. Сонда ғана ол қоғамға шынайы түрде балаларды қорғайтынымызда көрсете аламыз. 


Хабарламаларға жазылу