«Air Astana» акцияларын IPO-ға шығаруға дайындалып жатыр
Эйр Астана компаниясын келер жылы халықтық ІРОға шығару жоспарланып отыр. Яғни, акцияларына қарапайым халық иелік етіп, табыстарына ортақтаса алады. Мұндай тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында жүктеген еді. Қазір дайындық жұмыстары басталып кеткен. Әріптесім толықтырады.
Жоспар бойынша компания акцияларының 15 проценті ІРОға шығарылады. Оны қарапайым азаматтармен қатар заңды тұлғалар да сатып ала алады. Сарапшылардың пайымынша мұндай ауқымды операцияның тиімділігі орасан.
Бауыржан Ысқақов, экономист:
Бірінші кезекте халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Екіншіден сол кәсіпорынға сол компанияға қосымша қаражаст тарта отырып, олардың бір модернизация жасауына жағдай жасайды да үшіншіден жалпы халықтың алдында өздерінің бос қаражаттарын, әртараптандыруға мүмкіндік беру. Мемлекеттің өзінің ыл сайынғы компанияны дамытуға берілетін қаражаттар бар ғой. Соны үнемдеуге мүмкіндік алады.
Азаматтар артық ақшасын депозитке салады. Статистика бойынша қазақстан тұрғындары 18 трлн теңгесін банктерде ұстап отыр. Оның пайыздық мөлшерлемесі инфляцияға тікелей байланысты. Ал, акциа түрінде сақтаса компания дамыған сайын пайда еселене берер еді. Сондықтан мемлекет халықтық ІРОға сенімді компаниялардың акцияларын ғана шығарады. Бұған дейін Эйр Астана бірнеше рет дайындалып, пандемия мен әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты кейінге шегерген.
Тілек Әбдірахимов, «Air Astana» әуе компаниясының корпоративті коммуникациялар жөніндегі менеджері:
Эйр астана әуе компаниясы ІРО-ға шығуды 2024 жылға қарастырып жатыр. Бірақ бұл геосаяси мен макроэкономикалық жағдайға және нарықтардағы қаржылық тұрақтылыққа байланысты.
Халықтың акцияларға араласуы батыс елдерінде ертеден қалыптасқан. Жылына 30-40 мың компания акцияларын жаппай сатылымға шығарады. Елімізде де бұл үрдіс дәстүрге айналса ең әуелі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға сеп болар едй дейді сарапшылар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
