Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы жүзеге асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы жүзеге асты

09.08.2023

«Қонақжай отбасы!» Осындай ерекше жоба биыл Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет жүзеге асты. Жобаға қатысқан оқушылар 20 күн тек қазақша сөйлейтін шаңырықта тұрып тіл үйреніп, салт-дәстүрмен танысты. Жүзден аса бала жазғы демалысты осы жолы Қатонқарағай ауданындағы ауылдарда өткізді.

Шемонайха қаласынан келген-Владиславаның қазақша сөздік қоры молая түскен. Қонақжай отбасына келіп қосылған жасөспірімге үйдегі адамдармен тіл табысу қиынға соқпады. Сол шаңыраққа бауыр басқаннан кейін біртіндеп тіл үйрене бастаған.

Владислава Петрова, оқушы:

Менің атым Влада. Мен Алтай қаласында тұрамын.Маған бұл отбасы бірден ұнады. Келе сап бірден бауыр басып кеттім. Қазақ тілін үйренуге жақсы мүмкіндік.

Балалар біз қазір сендермен қазақ хандығы үстел ойынын ойнаймыз.

Ағайынды Владимир мен Андрейдің басқа балаларға қарағанда тіл үйренуге деген құлшыныстары ерекше. Бірнеше күннің ішінде қазақша сөйлем құрай бастаған.

Владимир Журавлев, оқушы:

Қонақжай отбасы маған ұнайды. Мен жиырмаға жуық сөз жаттадым. Ассалаумағалейкум! Қонақжай отбасы. Мұржай. Қайрылы таң. Қайырлы күн.

Аяулым Жанұзақова, Қатонқарағай ауылының тұрғыны:

Біз енді тілдік оқытуды. Шын айтқан кезде теория жағынан гөрі,үйде практика тәжірибе жөнінен дұрыс деп санадық. Қазақша әрбір нәресні айтып, көрсетіп қайталатып отырамын.

Оқушылар өздері тұратын отбасында ғана емес, мектеп жанындағы лагерьге де барады. Ол жерде қазақтың салт-дәстүрімен танысып ұлттық ойындар ойнайды. Сол өлкедегі сақ қорғандары мен мұржайларға да саяхттайды.

Әсел Балтабаева, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Бұл киіз үйде балаларға киіз үйдің құрылсын таныстырамыз. Сурттен көріп қолдарымен ұстаған әлдеқайда тиімді. Барлық жаңа сөздермен таныстырамыз. Қазақ тідлінде. Үйге жаңа сөздерді бектуге береміз. Келесі сабақта қайтадан қайталатамыз.

Тіл үйренем деген балаларды құшақ жая қарсы алған қонақжай отбасының иелері де жаңа жобаға дән риза. Демалыс кезінде оқушыларға қазақ тілін үйреткен жанұяларға мемлекеттен қаржы төленеді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу