Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінде «Орман жолдары» туристік соқпағы жаңғыртылды
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде «Орман жолдары» туристік соқпағы жаңғыртылды. Еліміздегі экотуризмнің дамуына қазіргі таңда БҰҰ даму бағдарламасы сүбелі үлес қосып келеді. Жаңа бағыттың ашылу салтанатын тілшімізде көріп қайтқан болатын.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи паркі 2001 жылы құрылған. Қазіргі уақытта ұлттық парк аумағында 10 туристік маршрут пен төрт соқпақ бар.
Сухроб Ходжиматов, Қазақстандағы БҰҰ ДБ тұрақты өкілінің орынбасары:
Соңғы жылдары БҰҰ даму бағдарламасы Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп он бір ерекше қорғалатын табиғи аумақты жаңғыртуға ат салысты. Біздің жұмысымыздың ең маңызды бағыты – экотуризмнің дамуына жағдай жасау.
Катонқарағай ұлттық паркінің жалпы аумағы 643 477 гектар. Оның 42%-ға жуығы орманды алқап. Мұнда жануарлардың 68, құстардың 300, өсімдіктердің мыңнан астам түрі кездеседі. Ал, тау бөктерлерінде саны азайып бара жатқандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қар барысы мекендейді.
Жанболат Тыныбеков, Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркінің бас директоры:
Соңғы жылдарда біз 5 техника алдық. 30-дан астам фототұзақтар алдық. Соның арқасында қазақтың символына айналған қар барысы бар. Соны анықтау бойынша зоология институтымен бірлесіп жұмыстар істеп жатырмыз.
Катонқарағайдың туристерге берері мол. Өткен жылы мұнда 8 мыңға жуық саяхатшы табан тіреген.
Махаббат Молдахметова, турист:
Шынымды айтсам, біз осы шығысқа бірінші рет келіп тұрмыз. Эмоциямды сөзбен жеткізе алмаймын. Бәрі өте керемет.
Мамандардың айтуынша, экологиялық маршруттардың дамуы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зиян келтірмеуі қажет.
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
