Басты Жаңалықтар Ақтөбеде Қарғалы өзенінің жағалауы жыл сайын баспаналарға жақындап келеді

Ақтөбеде Қарғалы өзенінің жағалауы жыл сайын баспаналарға жақындап келеді

«Жар құласа, үй кетеді». Ақтөбеде ондаған отбасы жандарын шүберекке түйіп отыр. Өйткені, Қарғалы өзенінің жағалауы жыл сайын баспаналарына жақындап келеді. Қазірдің өзінде бірнеше қора-жайды су шайып кеткен. Тұрғындар енді жергілікті биліктен көмек күтіп отыр.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Қазірдің өзінде 30 үйге қауіп төніп тұр. Өйткені, соңғы 4-5 жылда жағалау он метрге жақындаған. Бірнеше қора құлап қалған, мына сарайдың тек іргетасы қалыпты.

Альберт Айымбетовов бұл жердің байырғы тұрғыны. Ол соңғы жылдары жағалауды бекітемін деп шаршағанын айтады. Жерінің бір бөлігі қазірдің өзінде жыраға айналған. Бір қорасын су шайып кеткен.

Альберт Айымбетов, қала тұрғыны:

Мына жерге қораға дейін, аулаға дейін келді.Ауланы үш рет кейін шегеріп салдық. Енді жердің бәрін алып бара жатыр.Енді биыл сарайдың астына дейін бәрін алып кетті.

Тұрғындардың айтуынша, 2017-інші жылы жергілікті билік өзен аңғарларын кеңейтеміз деген желеумен жағалаудағы талдарды отап тастаған. Мәселе, содан кейін басталған. Олар тез арада қандай да бір шешім қабылданбаса, осы маңайдағы жүзге жуық үй түгелдей суға кетеді дейді.

Айбаршын Шерниязова, қала тұрғыны:

Қорқамыз, неге қорықпасқа?! Су – тілсіз жау деген, су кетіп жатса, ол бәріміз кетіп қалайық деп тұрмыз.30 шақты үй ғана кетпейді, кетсе, Племсантсаның бәрі кетеді суға.

Тұрғындар мәселені айтып жергілікті әкімдікке бірнеше мәрте барғандарын айтады. Дегненмен, жауаптылар жағалаудың жуырда бекітілетінін айтты.

Медет Ысқақов, Алматы ауданының әкімі:

Бұл мәселені қазір қалалық ЖКХ-ға және Экономика бөліміне хат жолдай отырып, қосымша қаражат сұрап, осы жұмысты күзге дейін аяқтау керекпіз.Себебі, көктемде су көтерілгеннен кейін бұл мәселе қайталанады.

Жауаптылардың айтуынша өзен аңғарын мықтап бекіту үшін құр топырақ жеткіліксіз таспен де көму керек. Сондықтан бұл жұмыстарға қыруар қаржы қажет.

Жақсыбек Кемал


Бөлісу