Жамбылдағы шойын жолдар бойында заңсыз өткелдер көбейген
Жамбылдағы шойын жолдар бойында заңсыз өткелдер көбейіп барады. Салдарынан адамдар ажал құшып, малдардың мертігуі азаймай тұр.
Темір жолды кесіп өтушілер кесірінен соңғы бір жылда 70-ке жуық оқиға тіркелген. 7 адам қайтыс болған. Оқыс оқиғалар Ақшолақ-Тараз-Түлкібас станциялары арасында жиі болады. Бүгінде осы аралықты қамтитын ұзындығы 362 шақырым шойын жолда 30-дан астам заңсыз өткел бар. Ауыл азаматтары жол жиегіндегі қоршауларды бұзып тастаған. Сондықтан желілік полиция темір жол бойындағы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын бастады. Сондай-ақ олар қоршау қоюға, дыбыстық сигналдар орнатуға темір жол тарапының асықпайтынын айтады.
Қалжан Орынбеков, Тараз станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы:
Өткелдердің дұрысталмауы, тәртіпке келтірілмеуі, біздегі темір жол басшыларының адамдардың қауіпсіздігін, темір жолдағы қауіпсіздікті сақтаудағы негізгі шараларын орындамауынан болып отыр. Әлі созбалаңға салып келе жатыр. Енді осы мәселені біз ары қарай көтереміз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17