Әлемдегі ең бай теннисшілердің есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең бай теннисшілердің есімі белгілі болды

08.11.2023

Әлемдегі ең бай теннисшілердің есімі белгілі болды. Мета Рейтингс порталының мәліметінше, биыл көп табыс тапқан теннисші – польшалық Ига Швентек. Спортшы 9,86 миллион доллар пайдаға кенелген. Белорус Арина Соболенко 8,2 миллион доллармен екінші орынға жайғасты. Кейінгі сатыда екі АҚШ өкілі тұр: Коко Гауфф 6,67 миллион доллар, ал Джессика Пегула 5,97 миллион доллар тапқан.

Үздік бестікті Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина түйіндейді. Отандасымызда 5,49 миллион доллар. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,92 миллион долларға артық.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу