Жамбыл облысында мердігердің сапасыз жұмысынан көшелер опырылып жатыр
Жамбыл облысының шаруалары төрт түлігін өрістен емес, ауыл ішіндегі ор-шұңқырлардан іздеп жүр. Өйткені Үшбас ауылының көшелері әр жерден опырылып кеткендіктен сиыр мен жылқы түсіп мертігуде. Бұқара бұған ауылға ауыз су жүргізген мердігердің сапасыз жұмысы себеп дейді.
Тұрғындардың айтуынша, су тартқан серіктестік қазған құбырдың орнын дұрыс тегістемеген. Салдарынан суы сыртқа жайылып, арықтардан асады. Ал төрт түлік жүрген сайын топырақтың беткі қабаты опырылып, түсіп кетіп жатыр. Тереңдігі екі метрге жуықтайтын шұңқырлар адам үшін қауіпті дейді тұрғындар. Мердігер құрылысты қазан айында тапсырмақ. Ауылды ауызсумен қамтуға 197 млн теңге бөлінген.
Дәуренбек Шалбаев, Сарысу аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Кемшіліктерді мердігер өзі толық түзетеді. Топырақ түсіп кеткен жерлердің бәрін қайта толтырып қойды. Енді қазір бәрін тегістеп шығамыз. Құдықтың іштерін, беттеріп жауып шығады.
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
