Сот әкімшілігі: Мақсат - судъялардың жұмыс жүктемесін реттеп, оңтайландыру
Биыл Астанада 8 сот және Шымкент қаласында 4 сот біріктірілген. Ондағы мақсат - судъялардың жұмыс жүктемесін реттеп, оңтайландыру. Бұл туралы сот әкімшілігінің өкілдері халықаралық жиын барысында айтты. «Сот әкімшілігі тәуелсіз сот төрелігі үшін: әлемдік стандарттар және үздік тәжірибелер» атты басқосу барысында шетелдіктер Қазақстандағы сот жүйесін цифрландыру жұмысына оң баға беріп отыр. Жалпы салаға электронды жүйе іске қосылған кезде азаматтардың тек 5 пайызы арыз-өтінішін білдіретін. Қазір бұл көрсеткіш 95 пайызға жеткен. Инфрақұрылымды дамыту бойынша да нәтиже бар.
Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбсары:
Бүгінгі таңда елімізде көптеген жүзеге асқан инновациялық жобаларды таныстыруды жоспарлап отырмыз. Оның біріншісі ІТ бағыты бойынша дүние жүзінде 4-орынға шыққандығымыз. Екіншісі, инфрақұрылымдық дамыту жөнінде 34 мыңнан астам, алдыңғы екі жылда 11 сотқа арналған, ендігі жылы 40 мыңға жуық құрылымды енгізуді жоспарлап отырмыз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47