Жамбыл облысында мектеп бітіру кештеріне байланысты тәртіп күшейтіледі
Жамбылдық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Енді учаскелік инспекторлардан құралған кезекші жасақ түлектермен бірге таң шапағын қарсы алуға барады. Мақсат – мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін қадағалап, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу. Бүгінде облыстағы түлектер саны 12 мыңнан асады. Олар соңғы сынақ емтихандары мен Ұлттық бірыңғай тестті тапсыра салысымен тойлатуға көшеді. Бүгіннің өзінде, Тараздағы 30-ға жуық мектептің түлегі кортеждер жалдап, қала ішінде қыдыруды бастап кетті. Түлектердің бірі-осылай көлік терезесінен жартылай денесін шығарып алса, енді бірі жол белгілеріне назар салмады. Оларға тәртіп сақшылары тарапынан бірнеше хаттама толтырылды. Енді екі күн бойы ювеналды полиция қызметкерлері/ облыстағы 446 мектептің алдын бақылайтын болады.
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
