Ұлттық құрылтай: Қазақ тілі ғылым тілі бола ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрылтай: Қазақ тілі ғылым тілі бола ала ма?

16.06.2023

Қазақ тілі ғылым тілі бола ала ма? Бүгін Түркістандағы Ұлттық құрылтайға жиылған зиялы қауым өкілдері осы тақырып аясында келелі ой қозғады. Өйткені қазір қазақ тілі мәдениет, өнер мен тарихтың ғана тілі. Сондықтан да ана тілдің аясы тар. Ал оны әлемдік қолданыстағы тілге айналдыру үшін қазақ ғылымы дамуы керек. «Бұл елімізді халықаралық деңгейде мойындатуымен бірге, тәуелсіздігімізді де тұғырлы етеді. Ғылыми жетістіктер тек қағаз жүзінде ғана қалып кетпестен тәжірибелік, конструкторлық жұмыстарға айналып, өндіріске енгізілуі шарт. Сонда ғана ғылым экономиканың тірегіне айналады», - дейді Ұлттық құрылтай мүшелері.

Асқар Жұмаділдаев, Физика-математика ғылымдарының докторы, ұлттық ғылым академиясының академигі:

Қазақ деген ел шын мәнінде осы ғасырдан өтіп, тарих топырағына көміліп қалмаймын десе қазақ техникалық ел болуы керек. Тәуелсіздіктің төресі техникалық тәуелсіздік. Осы болмай қалған Тәуелсіздік болмайды. Жақсы машина, жақсы компьютер шығарсақ экономика күші болады, әскер мықты болса сенің сөзің де өтімді болады.

Күнсұлу Закарья, ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының президенті:

Сол бойынша қазіргі күні біздер ғылыми технология саясат заң жобасын әзірлеудеміз. Оның ішінде көптеген өзгерістер болады. Ең негізгі мемлекетке қажетті заттарға қаржыландыруды жіберуіміз керек. Бұл жұмысты Ұлттық ғылым академиясы бастап кетті.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу