Басты Жаңалықтар Чилиде мыңдаған мұғалім зейнетақы қорына қатысты шеруге шықты

Чилиде мыңдаған мұғалім зейнетақы қорына қатысты шеруге шықты

Чили астанасы Сантьягода мыңдаған мұғалім шеруге шықты. Олар биліктен мектептерде жұмыс істеуге жақсы жағдай жасауды талап етті. Мұнан бөлек демонстранттар зейнетақы қорына жарнаны дер кезінде аударуды қалайды. Сыныптардағы зорлық-зомбылықты тоқтатып, балалардың психикалық жағдайына мән беруге шақырды. Бұл талаптары орындалмаса мұғалімдер жұма күні бүкіл елде ереуіл жариялайтынын ескертіп отыр.


Арыстан Рысбек
Бөлісу