Колумбияның Амазон орманында жоғалып кеткен төрт бала тірі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияның Амазон орманында жоғалып кеткен төрт бала тірі табылды

10.06.2023

Колумбияның Амазон орманында 40 күн бұрын жоғалып кеткен төрт бала тірі табылды. Арасында 1 жасар сәби де бар. Олар мамырдың 1-де ұшақ құлағаннан кейін көзден ғайып болған. Анасы мен екі пилот қаза тапқан еді. Колумбия президенті Густаво Петро жеткіншектердің аман оралуын «ғажайып оқиға» деп атады. Туыстарының айтуынша, балалар үндістердің «хутото» тайпасынан. Олар ата-бабасы тәрізді орманда тіршілік етуді меңгерген. Жеміс-жидектің қандай түрін жеуге болатынын білетіндіктен тірі қалған болуы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу