Мьянмада шахта апаты кезінде 50 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянмада шахта апаты кезінде 50 адам жоғалып кетті

23.12.2021

Мьянмада тас пен қоқыс көшкінінен нефрит шахтасы опырылды. Апат орнынан бір адамның денесі табылды. Қайғылы оқиға елдің Качин штатында болған. Апат кезінде шамамен 50 адам жоғалып кеткен. Оларды іздеу-құтқару операциясына 200-дей адам жұмылды. Дегенмен, билік жоғалып кеткен кеншілердің тірі қалуы екіталай деп мәлімдеді. Тас көшкіні кезінде олар жақын жердегі өзенге батып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр.

Арай Төлегенқызы


мьянма әлем жаңалықтары

Хабарламаларға жазылу