АҚШ-та көпір құлағанда жоғалып кеткен 6 адам әлі табылған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та көпір құлағанда жоғалып кеткен 6 адам әлі табылған жоқ

27.03.2024

АҚШ-тың Мэриленд штатының Балтимор қаласында көпір құлағанда жоғалып кеткен 6 адам әлі табылған жоқ. Олар тірі емес деген болжам бар. Ұзындығы 2 жарым шақырымдық өткел опырылып түсерде оның үстінен бірнеше көлік өтіп бара жатқан.

Ауқымды құтқару операциясына тікұшақтар мен қайықтар тартылып отыр. Әзірге, судан екі адам тірі табылды. Олардың бірі - хәл үстінде жатыр. Балтимор көпірінің бір бағанын мыңдаған тонна жүк тиелген кеме соққан еді. Су көлігінің экипажы апат алдында дабыл қағып, энергия жүйесінде ақау барын айтқан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу