Мемлекет басшысы халықаралық валюта қорының басқарушы директорымен кездесті
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумына арнайы келген мейман Халықаралық валюта қорының басқарушы директорымен кездесті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға қормен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді. Өз кезегінде Кристалина Георгиева форумға шақырту алғаны үшін алғыс айтты. Кездесу барысында Президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы Қордың бастамасын қолдайтынын атап өтіп, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24