Шығыс Қазақстан облысында бір адам кене энцефалитіне шалдықты. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің айтуынша, стационарлық ереже бойынша емделіп жатыр. Ал өңірде бүгінге дейін 1057 адамды кене шаққан. Осы зиянкестен зардап шеккен 1016 адамға кене энцефалитіне қарсы екпе салынған. 41 адам түрлі себептерге байланысты вакцина салғызудан бас тартқан.
Олжас Керейхан