UEFA Чемпиондар лигасының финалына жолдама алған командалар белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

UEFA Чемпиондар лигасының финалына жолдама алған командалар белгілі болды

18.05.2023

Сонымен, UEFA Чемпиондар лигасының финалына жолдама алған командалар белгілі болды. Біріншісі - Италиялық «Интер» болса, екіншісі - Англияның «Манчестер Ситиі». Кешегі ойында Гвардиола шәкірттері Испанияның корольдік клубын ойсырата жеңді. Бір апта бұрын болған матч 1-1 есебімен тең аяқталған болатын. Алаң иелері бұл жолы финалға жету үшін барын салып, қарсыластар қақпасына төрт рет гол салды. Бірінші таймда Бернарду «Реал Мадрид» қақпасына қатарынан екі гол салса, ойынның 76-минутында Мануэльдің добын қайтармақ болған Испанияның қорғаушысы Эдер өз қақпасына гол соғып алды. Кездесудің 91-минутында Хулиан Альварес мергендік танытып, ойынға нүкте қойды. Осылайша, Ағылшындық команда «чемпиондық» атаққа таласуға мүмкіндік алды. Финал Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Олимпиадалық стадионда, 10 маусым күні өтеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу