«Qazaqstan» арнасы «Наполи» - «Милан» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» арнасы «Наполи» - «Милан» матчын тікелей эфирде көрсетеді

18.04.2023

Бүгін түнде футболдан UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалының қарымта ойындары өтеді. Екі кездесу де елорда уақытымен 00.50-де басталады. Бірінші ойын италиялық командалар арасында болады.

«Наполи» мен «Милан» кездесуін «Qazaqstan» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Милан» 1:0 есебімен басым түскен.

Екінші кездесуде англиялық «Челси» мен Испанияның «Реал Мадрид» командасы шеберлік байқасады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі. Бұған дейінгі кездесуде испаниялық клуб 2:0 есебімен жеңген болатын.   

Хабарламаларға жазылу