Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған алғашқы команда белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған алғашқы команда белгілі болды

17.05.2023

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған алғашқы команда белгілі болды. Италияның «Интер» клубы араға 13 жыл салып чемпиондық атаққа таласады. Жартылай финалда «Интер» мен «Милан» матчы тартысты өтті. Бір елдің, бір қаланың атынан сынға түсіп жүрген қос команда біраз жылдан бері аталған турнирдің мұндай сатысына дейін жетпеген. Кездесуде екі жақтың футболшылары жеңіске жетуге бар күшін салды. Бірінші таймда есеп ашылмады. Ал ойынның 74-минутында «Интер» сапынан ЛауТаро МарТинЕстің қақпаға бағыттаған добы дәл кіріп, шешуші ойынға жолдама алды.

Сондай-ақ бүгін түнде «Интердің» қарсыласы белгілі болады. Англияның «Манчестер Ситиі» мен Испанияның«Реал Мадриды» арасындағы қартымта ойынды 00:50-де Ұлттық арна эфирінен көре аласыздар. Еске сала кетейін, қос команда арасындағы алғашқы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталған.

Асылбек Данияр



Хабарламаларға жазылу