Чемпиондар Лигасының финалын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар Лигасының финалын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

25.05.2018
Чемпиондар Лигасының финалын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

26 мамыр күні Чемпиондар лигасының ақтық сынында бақ сынасатын командалар Украина астанасы Киевтегі «Олимпийский» стадионында кездеседі.

Футбол жанкүйерлері асыға күткен финалда «Реал Мадрид» пен «Ливерпуль» кәрі құрлықтың басты додасының жүлдесін сарапқа салмақ.

Айта кетейік, «Реал» өз тарихында 15 рет финалға шығып  12-інде жеңіске жетcе, «Ливерпуль» командасы 7 рет финалға шығып 5 мәрте жеңімпаздар қатарында болды.

Мадридтік «Реал» бұл ойында Чемпиондар лигасының қатарынан үш мәрте жеңімпазы атануға мүмкіндік алса, «мерсисайдтықтар» 11 жылдан кейін еурокубоктердің финалына шығып отыр.

Қазіргі таңда қос команда да айтулы матчқа арналған құрамдарын жариялады.

Реал Мадрид: Навас, Касилья, Зидан, Карвахаль, Вальехо, Рамос, Варан, Начо, Марсело, Эрнандес, Хакими, Кроос, Модрич, Каземиро, Льоренте, Асенсио, Иско, Ковачич, Себальос, Роналду, Бензема, Бейл, Васкес, Майораль.

Ливерпуль: Кариус, Клайн, Вирджил ван Дейк, Вейналдум, Ловрен, Милнер, Фирмино, Салах, Хендерсон, Клаван, Морено, Мане, Лаллана, Миньоле, Джан, Робертсон, Ингз, Соланке, Филлипс, Джонс, Уорд, Вудберн, Камашу, Александр-Арнольд.

 

Чемпиондар Лигасының финалын «QAZSPORT» телеарнасы сағат 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.    

Хабарламаларға жазылу