Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысындағы кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көмек көрсетілуде

Ақтөбе облысындағы кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көмек көрсетілуде

Ақтөбе облысындағы кен орнында болған өртте қайтыс болған жұмысшылардың отбасына 5 миллион теңгеден жұмыс беруші бөлетін болды. Бұл жайында облыс әкімі Астанада өткен брифингте айтты. Төтенше жағдай мамырдың 1-і күні болған еді. Кен орнына қарасты зауытта өрт шығып, 4 жұмысшы күйіп қалды. Оның екеуі ауруханада көз жұмды. Өрттің неден болғаны әлі белгісіз. Құзырлы органдардың тексеру жұмыстары жалғасуда.

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:

Мен барған бетте әрбір семьяға бір миллионнан ақша бөлгіздік. Қайтыс болған семьяларға қатысты 5 миллоиннан ақша бөлінетін болады. Сонымен қатар кәмелетке жетпеген баласы немесе ЖОО оқитын баласы болса арнайы пособия мемлекеттен қарастырылған.

Азамат Бейбітұлы

Бөлісу