Көкше жұрты майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Жеңістің 78 жылдығын ұлықтаудан Көкше жұрты да шет қалмады. Қала тұрғындары жылдағы дәстүр бойынша мемориалдарға гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Орталық алаңда «Жеңіске тағзым» атты әдеби-музыкалық композиция қойылып, патриоттық әндер шырқалды.
Жалпы, Ақмола облысынан Екінші дүниежүзілік соғысқа 83 мыңнан астам азамат аттанған, соның жартысы елге оралмады. Бүгінгі күні көзі тірі 8 соғыс ардагері бар.
Дәуренбек Жарылғасып, қала тұрғыны:
Жеңіс мерекесін осылайша кең көлемде атап өту - бұл енді соғыста болған майдангерлерге, біздің аталарымызға, бабаларымызға тағзым. Соларға көрсеткен құрметіміз. Болашақ ұрпаққа, біздің жастарға да тәлім-тәрбие, өнеге.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дохада Ауғанстан мен Пәкістан делегациясы атысты тоқтату туралы келісім жасады
20.10.2025, 10:15

Газада ымыра қайта бұзылып, Израильдің шабуылынан 44 адам қаза тапты
20.10.2025, 10:10
Мағжан Ілиясов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды
20.10.2025, 10:00
Өлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55