Атырауда Жеңіс Күнінде тыл ардагерлерінің ескерткіші мен естелік тақтасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Жеңіс Күнінде тыл ардагерлерінің ескерткіші мен естелік тақтасы ашылады

04.09.2014
Атырауда Жеңіс Күнінде тыл ардагерлерінің ескерткіші мен естелік тақтасы ашылады

Атырауда Жеңіс Күнін тойлауға байланысты дайындық шаралары басталды.  

Жеңіс Күнінің 70 жылдық мерейтойына байланысты жергілікті билік соғыс және тыл ардагерлеріне кішігірім мереке ұйымдастырды. Атыраудың жасыл желекті саябақтарының бірінде ретро-парк жасалды.

Ал, 9-шы мамыр күні Атырау өңірінен майданға аттанып, қайтыс болған адамдардың аттары жазылған естелік тақтасы ашылады. Соғыс және тыл ардагерлерінің облыстық кеңесінің басшысы Қатимолла Ризуанов соғысқа 42 мың адам аттанып, олардың 13 мыңы қайтпаған еді.

Сонымен қатар, өңірде тыл ардагерлеріне арналған алғашқы ескерткіш тұрғызылады. Олар соғыс жылдары Атырау-Астрахань бағытында 200 шықырымдық теміржол салған.

Келе жатқан мерейтой аясында облыста жүздеген шара жоспарлануда. Енді қыркүйектен бастап, әр ай өңірден шыққан Кеңес Одағының Батырына арналатын болады. Сол кездегі тұрғындардың арасынан ең алғашқы болып Боран Нысанбаев Кеңес Одағының Батыры атанған.

Қазіргі кезде Атырау облысында 87 ардагер тұрады. Олардың ең үлкені 100 жасқа толған.

Хабарламаларға жазылу