Астанада Ауған соғысы ардагерлерінің форумы өтті

05.11.2015
Астанада Ауған соғысы ардагерлерінің форумы өтті
Шарада Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге «соғыс ардагері» мәртебесін беру мәселесі қаралды.

Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге «соғыс ардагері» мәртебесі берілгені жөн. Бұл туралы Астанада өткен екінші республикалық форумда айтылды. Жиынға қатысушылар «Қазір ауған соғысы ардагерлерінің тек II Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген әскерилер ретінде қабылданып жүргендіктерін» айтады.

Сондықтан, тиісті мемлекеттік жеңілдіктерге ие бола алмай отыр. Айта кетейік, Ауған соғысына Қазақстаннан әскери борышын өтеуге 22 мыңнан астам азамат аттанған. Олардың 924-і Ауған жерінде қаза тапса, 21 жауынгер іс-түссіз кетті.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу