«Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық филиалдары арасында «Ұлы жеңіс» атты байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық филиалдары арасында «Ұлы жеңіс» атты байқау жарияланды

03.05.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық филиалдары арасында «Ұлы жеңіс» атты байқау жарияланды

II Дүниежүзілік соғыстың 72 жылдығына орай «Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық филиалдары арасында «Ұлы жеңіс» атты байқау жарияланған болатын.

Байқаудың мақсаты – жастардың бойына патриоттық тәрбиені дарытып, тарихқа, соғыс ардагерлерінің естеліктеріне деген қызығушылығын арттыру.

Конкурсқа қатысу үшін әр аймақ II Дүниежүзілік соғыстың тарихын ашатын видеоматериал ұсынуы қажет.  Байқауға қатысушы әр аймақтан тек бір ғана топ қатысып, бір ғана өнім ұсына алады.  

Соғыс ардагерлерінің қатысуымен, мұрағат материалдары және фотосуреттерден құралған видеоматериал ұзақтығы 1,5 минуттан аспауы шарт.

Жеңімпаздар  www.vote.kaztrk.kz сайтында дауыс беру арқылы анықталады.

Байқау қорытындысы 10 мамырда жарияланады.  

Хабарламаларға жазылу