Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін

21.04.2023

Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін. Мұндай шешім футболшының бейәдеп қылығына байланысты туындап отыр. Ол «Әл-Хилял» командасымен ойыннан кейін жанкүйерлерге ерсі әрекет көрсеткен. Яғни ойында өзін дұрыс көрсете алмаған футболшыға стадиондағы жанкүйерлер наразылық танықтан. Заңгерлер футболшының дәл осы әрекеті үшін сотқа жүгінуді көздеп отыр. Тіпті шабуылшыны қамауға алып, елден қуу керек деген нұсқаны да ұсынған. Криштиано Роналду «Әл-Наср» футбол командасына өткен жылдың желтоқсан айында ауысып барды. Содан бері 11 ойын өткізіп 11 гол соққан.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу