«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаға оралуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаға оралуы мүмкін

05.07.2023

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаға оралуы мүмкін. 38 жастағы форвардқа Чемпиондар лигасына шығып жүрген клуб көз тігіп отыр. A Bola мәліметінше, Роналду енді карьерасын «Боруссияда» жалғастыруы ықтимал. Германиялық клуб басшылығы шабуылшыны жарты жылға жалға алмақ ниетте. Криштиану команданы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтуіне көмектесе алады деген сенімде. 

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу